Уақытша аға-тәлімгер бос лауазымына (декреттегі педагогтың орнына) ХАБАРЛАНДЫРУ » СШ №55
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№55 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 50-19-58
Есепші бөлімі:
7(7262) 50-19-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Уақытша аға-тәлімгер бос лауазымына (декреттегі педагогтың орнына) ХАБАРЛАНДЫРУ
06
сентябрь
2024

Уақытша аға-тәлімгер бос лауазымына (декреттегі педагогтың орнына) ХАБАРЛАНДЫРУ

Уақытша бос лауазым (декреттегі педагогтың орнына)
                                                ХАБАРЛАНДЫРУ
 hr-nobd.edu.kz сайтына келіп түскен өтініштердің көп болуына байланысты базаның жұмыс жасамай қалуына байланысты құжаттар көрсетілген мекен жайға қағаз түрінде тапсыруды хабарлаймыз!!!
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №55 орта мектебі" КММ бос лауазымға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Шөлдала шағын ауданы, Құмшағал көшесі №4
пошталық мекен-жайы: 080000
Телефон нөмері: 8 (7262) 50-19-58, 8 775 384 66 68
Электрондық пошта: taraz_55_shkola.sher@mail.ru
Бос орын: аға-тәлімгер (1 жүктеме,) 
Лауазымдық міндеттері:
      балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;
      білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;
      балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;
      ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;
      балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
      білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;
      білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
      балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;
      білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;
      каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;
      білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;
      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
      балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;
      өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
      93. Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;
      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      94. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
      95. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      1) "педагог-модератор":
      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру;
      2) "педагог-сарапшы":
      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;
      3) "педагог-зерттеуші":
      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;
      4) "педагог-шебер":
      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;
      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.

Еңбекке  ақы   төлеу  мөлшері  85 000 - 90 000  теңге,  уақытша   шарттары  белгіленген   бос   лауазым 
118- тармақта  көрсетілген  құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)сертификаттаудан  өту   нәтижелері   туралы  сертификат   немесе  педагогмодератордан  төмен   емес  қолданыстағы  біліктілік   санатының  болуы  туралы   куәлік (бар болса);

10)   11- қосымшаға  сәйкес  нысан   бойынша  педагогтің  уақытша   бос  лауазымына   кандидаттың   толтырылған  бағалау  парағы;

11) Тәжірибе   жоқ  кандидаттың  бейнепрезентациясы  кемінде 15 минут, ең  төменгі   ажыратымдылығы  - 720х480 

Кандидат   болған  жағдайда  қосымша   құжаттар  ұсына  алады (біліктілігін  арттыру, ғылыми – әдістемелік  жарияланымдар, алдыңғы  жұмыс   орынан  ұсыным) 



Бос  орынды   жариялау  мерзімі: 06.09.2024 жыл
 
Конкурсқа  құжаттар   қабылдау:  2024 жылдың  6 қыркүйектен   бастап ( 7 жұмыс күні),       

                                                               құжаттарды  қарау  5 күн

Похожие публикации:

10 август 2018 Мекенжай
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив