21
ноябрь
2024
№ 55 орта мектебінің мәжіліс залында Тараз қаласы білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының және мұғалімдерінің қатысуымен дәріс жүргізді.
2024 жылдың 20 қараша күні Білім бөлімі және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Н.У.Дуйсенбаев, Е.М.Шарипбаев, Тараз қаласы Төтенше жағдаилар басқармасынын инженері азаматтық қорғау капитаны Ғ.Жанқораз № 55 орта мектебінің мәжіліс залында Тараз қаласы білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының және мұғалімдерінің қатысуымен дәріс жүргізді. Аталған іс-шараға № 55 орта мектебінің 93 оқушысы мен мұғалімдері қатысты, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан «Тұрмыстық өрт қауіпсіздігі», «Улы газбен улану», «Сіріңкелерді абайсыз пайдалану», «Тұрмыстық электр құралдарын қауіпсіз пайдалану», «Балалардың отпен ойнамауы» тақырыптарында дәріс оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.