











1.04.2022 жылы №55 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Функционалдық сауаттылық: бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдарын көрсету болып табылады. Қалалық білім бөлімінің әдіскері, Игисинова Жайна Жандарбекқызы іс-шараны ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоспар бойынша директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары, Капарова А.А. "Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасын арттырудағы негізі" атты ақпараттық сессия, ал Құрбаниязова К.К., бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші "Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс" тақырыбында коучинг өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері: Мырзабекова А. Қ., педагог-сарапшы, Панаева Ж. С., педагог-сарапшы, Жақсыбаева Г. Н., педагог-сарапшы және Толепова Ф. А., педагог-зерттеуші ашық сабақтарын өткізді. Мұғалімдер сабақтарында, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын айқындайтын тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, педагогикалық шеберліктерін көрсетті. Әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында қалалық мектептерден бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды.